Бақылау болмаса, кемшілік кемімейді
Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті облыс бойынша департаментінің басшысы Мейірхан Сатыбалдин, Қазақстан стандарттау Институтының облыс бойынша филиалының директоры Асқар Мыңбаев және аталмыш департаменттің бас маманы Марат Сармолдаев өңірлік коммуникация қызметінде өткен бринфингке қатысып, ағымдағы жылдың жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға тоқталып, соңынан журналистер тарапынан қойылған сауалдарға жауаптар берді.
Мейірхан Сатыбалдиннің айтуынша, департаменттің басты міндеті техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады. Департамент тамақ өнімі қауіпсіздігі саласын қоспағанда, техникалық реттеу саласына, мемлекеттік метрологиялық, тауарлардың шығу тегіне, еліміздің сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасының сақталуына, республика аумағына Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін мемлекеттерден және елімізден сол мемлекеттерге бағалы тастар мен металдардан жасалған әшекей бұйымдарының кіріс-шығысына бақылау жүргізіп отырады. Мәселен, департамент тарапынан 2010 жылы 350 тексеріс жұмыстары жүргізілсе, 2016 жылы бұл көрсеткіш мораторийге байланысты 38-ге азайған. Соның өзінде 61 пайыз заң бұзушылық орын алған. ҚР Мемлекеттік рәміздері лицензиаттары бойынша облыс аумағында 70-ке жуық мекеменің арасында мониторинг жасалып, 5 мемлекеттік нысанға әкімшілік айыппұлдар салыныпты. Айта кету керек, заң бұзушылықтардың басым көпшілігі медицина саласына қатысты болып отыр.
– Жыл басынан бері медицина саласында 8 субъектіде метрологиялық талаптар бұзылған. Департамент тарапынан соңғы жылдары жүргізген барлық бақылаулар туралы айтар болсақ, ерекше назар аударатын жағдай, 2014 жылы жоспарға алынған 28 денсаулық сақтау нысандарының 27-сінде метрологиялық талаптарының бұзылғандығы тіркелсе, өткен жылы тексеріске алынған 16 медицина саласы нысанының 14-інде метрологиялық талаптар бұзылғаны анықталған. Ал ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында барлығы 20 субъектіге тексеріс жүргізіліп, оның 8-інде талаптар сақталмаған. Осы үш жылдың ішінде облыстың медициналық мекемелеріне барлығы 6 миллионнан астам теңге айыппұл салынып, өндірілген. Бұл салада қан қысымын өлшейтін құралдан бастап барлық медициналық құрылғылардың көрсеткіштерінің дұрыстығы, адам өміріне, денсаулығына қаншалықты маңызды екендігі айтпасақ та түсінікті. Өкінішке қарай, кейбір сәттерде жекелеген денсаулық сақтау нысандары тарапынан олқылықтардың орын алуы қайталанып келеді. Сондықтан да, бұл мәселелер саладағы мамандардың қатаң бақылауында болу керек, – дейді М.Әбілхайырұлы.
Жиын барысында сөз алған Қазақстан стандарттау институтының облыс бойынша филиалының директоры Асқар Мыңбаев «ҚазСтИн»-нің атқарған жұмысы мен алдыға қойған жоспарларын таныстырып өтті.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді