Мотошеру Таразға табан тіреді
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының ашылу құрметіне орай Алматыдан шыққан Дмитрий Петрухин бастаған байкерлердің мақсаты Қазақстанның бірнеше қаласын аралап өту еді. Олар әр қалаға аялдап, сол аймақтан Олимпиадаға қатысатын спортшыларды насихаттауға арналған акцияларға қатысып, төрт жылда бір өтетін маңызды додада ел намысын қорғайтын спортшыларға құрмет көрсетті. Мотошерушілер еліміздің жүрегі – Астанада да болды. Еліміздің бірнеше тарихи шаһарларына табан тіреді. Кеше бұл мотошеруді ұйымдастырушылар Тараз қаласына да келіп жетті.
Оларды «Тараз-Арена» спорт кешені алдында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Жолдасбеков бастаған спортшылар, белсенді жастар, студенттер қарсы алды.
Отыз күн сапар шегіп келе жатқан мотошерушілердің ұйытқы болуымен Олимпиадаға қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында өткізілген акцияны спорт ардагері Төлеген Серкебаев сөз сөйлеп ашты. Ол Рио-де-Жанейрода өтетін дүбірге біздің облыстан 5 саңлақ қатысуға аттанып кеткенін айтып, ел намысын қорғайтын оғландарға сәттілік тіледі. Содан кейін мотошерушілердің топ жетекшісі Дмитрий Петрухин сөз алып, көрсетілген құрмет үшін көпшілікке алғыс білдірді. Мүмкіндігінше спортшыларға қолдау көрсеткендерін, Олимпиадаға қатысушыларға жеңіс тілеп, көпшілікті қазақстандық спортшыларға жанкүйер болуға шақырды.
Келесі сәтте қол күресінен үш дүркін әлем чемпионы Дмитрий Трубин, каратэ-додан Азия ойындарының чемпионы Гузалия Гафурова олимпиадашыларға тілектерін арнап, мотошеру жалауына естелік қолтаңба қалдырды. Дмитрий Петрухин жамбылдық байкерге Олимпиада құрметіне арналған жалауды тапсырды.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді