ЖАМБЫЛДА

ЖАМБЫЛДА
ашық дереккөз
ЖАМБЫЛДА
Байзақ «Мектепке жол» акциясы басталды Өткен жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аудан бойынша 1057 балаға көмек көрсе­тіл­ген еді. Демеушілер тарапынан 819 бала мектеп формаларымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етіліп, аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасыларынан шыққан, жетім және қамқор­шылық­тағы 238 балаға сырт киімдер берілген болатын. Осы жылы «Бақытты балалық шақ!» ұранымен өткелі отырған шараға аудан азаматтары, кәсіп­керлер, жеке азаматтар белсене атсалысуға дайын. Жамбыл Қайырымдылық көмек «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандық мәслихаттың депутаты Н.Ерғазиеваның бастамасымен Жалпақтөбе ауылының тұрмысы төмен отбасыларына қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымды іске қол ұшын созған кәсіпкерлер П.Илахунов, Р.Аширов, М.Сусусовқа және «Жалпақтөбе» БПҰ төрағасы Н.Нұрланұлына көмекке мұқтаж отбасылар ризашылықтарын білдірді. Қордай Жолаушы тасымалын жетілдіру үшін Аудан елді мекендерін жолаушылар тасымалымен толық қамту мақсатында он лот бойынша конкурс өткізіліп, нәтижесінде «Қордай Жолаушы» ЖШС төрт лоттың жеңімпазы атанған болатын. Қалған алты лот шалғай елді мекендерде жолаушы тасымалдаумен айналысуға ынталы жеке кәсіпкерлерге ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар