Ардагер балуандар белдесті
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы спорт ардагерлерінің IV спартакиадасы өткізілді. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бірлесе ұйымдастырған кешенді бұқаралық спорттық іс-шараға еліміздің барлық өңірінен мыңнан аса спортшы қатысып, бәсеке көрігін қыздырды. Жарыс бағдарламасына спорттың он үш түрі енгізілді.
Жарысқа қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай әйелдер арасында 35 жастан, ерлер арасында 40 жастан бастап сынға түсті.
Дуы басым додада облыстың қазақ күресі құрама командасы жалпы командалық есепте ІІІ орын иеленді. Кіл мықтылар өзара кім мықтыны анықтаған балуандар бәсекесінде +90 келі салмақ дәрежесінде меркілік Нұрлан Жарашуев қарсылас шыдатпай, өзінің шын мықты екенін айғақтаса, 70 келі салмақта бақ сынаған жуалылық Нұргелді Темірбеков II орынды иеленді. Сонымен қатар, 80 келі салмақта жарысқа қатысқан тараздық Марат Болатбеков екінші орынға табан тіресе, Т. Рысқұлов ауданының балуаны Асқар Бүркітов үздік үштіктен көріне білді. Осылайша жамбылдық ардагер балуандар өздерінің спорттық бабын әлі де жоғалтпағанын айғақтады.
Топтаманы дайындаған Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




