Қоржынымызда бір алтын, бір күміс
Боксшыларымыз Сербиядан екі жүлдемен оралды
Сербияның Субботица қаласында бокстан жастар арасындағы дәстүрлі «Golden Glove of Vojvodina» халықаралық турнирі өткізілді. Бірнеше күнге созылған бәсі басым додаға әлемнің 12 елінен спортшылар қатысып, өзара шын мықтыны айқындады.
Жүзге жуық саңлақ сынға түскен байрақты бәсекеде Қазақстанның, оның ішінде Жамбыл облысының саңлақтары да жасындай жарқырап, жүлдегерлердің қатарынан көріне білді. Атап айтсақ, 91 келі салмақ дәрежесінде топқа түскен Мұхамеджан Тайбағар айтулы аламанда техникалық тұрғыдан өзінің мықты боксшы екенін байқатып, қарсыластарының бәрінен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, 75 келі салмақ дәрежесінде додада сынға түскен Аман Қазанғапов та жақсы өнерімен жанкүйерлерді тәнті етті. Ақтық сынға дейін алқынбай шыққан Қазанғапов тек финалда ғана қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдені қанжығасына байлады.
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл турнир жастар арасында өте танымал деуге болады. Осы додада қазақ боксшылары жыл сайын мықтылықтарын дәлелдеп жүргені қуантады. Байрақты бәсекеден бағы жанған қос оғланның алар асуы әлі алда екені анық.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




