2017 жылғы қысқы Универсиадаға арналып салынып жатқан спорт нысандарының құрылысы уақытысынан бұрын тәмамдалды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бір жыл бұрын ғана құрылысы 30/40 пайызға дайын болған 12 мыңдық Мұз сарайы, 3 мыңдық Мұз аренасы және 5 мың адамға арналған Атлеттер қалашығы қыркүйек айында ресми түрде есігін айқара ашпақ. Озық үлгідегі нысандарда қазқамтудың үлесі – 50 пайызды құрап, құрылысқа 1200 қазақстандық мекемелер атсалысты. Ал құрылыс жұмыстарын басынан аяғына дейін, үш ірі компания «Базис А», «Элитсрой», «Жана Ария Астана» жүргізген.Осы орайда Nur.kz тілшісі аталған нысандардың несімен ерекшеленетінін зерттеп көрді.
3 мың адамға арналған Мұз аренасы Биылғы жылдың наурызында Медеу ауданындағы 3000 мыңдық аренаның мұз айдыны дайын болды. Ал шілде айында аренаның құрылысы аяқталды.
Құрылыс жұмыстарын жүргізген компания: «Ария Жаңа Астана» ЖШС.
28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада аясында Мұз аренасында ерлер арасында шайбалы хоккейден жарыстар өтеді.
Мұз аренасы негізгі және кіші арена болып бөлінеді:
Кіші арена (300 орын, 4 киім ауыстыратын бөлме, әрқайсысы 200 ш.м, төрешілер аймағы, медпункт, жаттығу залы, хореография залы, акробатика залы, әкімшілік бөлімшелер мен офистер).
Негізгі арена (8 киім ауыстыратын бөлме, әрқайсысы 200 ш.м, 3000 көрермен орыны, төрешілер аймағы, баспасөз орталығы/медиа орталық, 160 орындық кафе және 150 орынға арналған 2 кафе-буфет, допинг-тексеру және медпункт).
12 мың көрерменге арналған Мұз сарайы Мұз сарайында бассейн және сырғанау алаңы, әкімшілік ғимаратының құрылыс-монтаждау жұмыстары ерте аяқталды. Нысанның негізгі бөлігі 2016 жылдың мамырында дайын болған. 12 мыңдық Мұз аренасы Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиядағы ең ірі көпсалалы спорт кешені.
Нысан құрылысын «СК Базис» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізді.
Мұз сарайында 12 мыңға және 475 көрерменге арналған кіші арена салынған. Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың ашылу және жабылу салтанаты негізгі айдында өтеді. Сонымен қатар, мәнерлеп сырғанаудан жарыс ұйымдастырылады. Ал кіші аренада керлинг спорты бойынша спортшылар бақ сынайды.
Кіші айдын 475 көрерменді сыйдыра алады. Оған қоса, ғимараттың ішінде: бокс залы, күрес залы, үстел теннисі, хореография, акробатика, екі жаттығу залы және медициналық оңалту орталығы болады.
Нысандарда мұз айдының төсенішін ауыстырып, волейбол, баскетбол, кіші футбол және тағы басқа спорт түрлерінен жарыстар өткізуге болады. Бұл нысанда болашақта «Алматы барысы» жарысы, футзалдан «Қайрат» пен «Алматы» волейбол командасының үйдегі ойындары өткізілмек. Сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі іс-шаралар, концерттер өткізуге ыңғайлы етіп, жарық және дыбыс құрылғылары орнатылды. Екі аренада әр түрлі деңгейдегі конференциялар, жиындар, форумдар, көрмелер және келіссөздер өткізуге болады. Жаңа ареналар кәсіпқой спортшылардың тұрақты түрде жаттығу өткізетін орнына айналады.
Мұз айдындардың есігі барлық адамдарға айқара ашық болады. Коньки тебуге, әуесқойлар арасында жарыстар өткізуге, спорттық секциялар ұйымдастыруға мүмкіншілік болады. Жер үсті және жер асты көлік тұрақтары, холлдар, киім ілетін орындар, дәмхана, мейрамана сияқты қоғамдық орындар халқы көп Алматы қаласының ең ыңғайлы орнына айналады.
5 мың адамға арналған Атлеттер қалашығы Құрылыс жұмыстары 5000 орынға арналған 10 тұрғын үйден тұрады. Бұл үйлердің барлық құрылысы аяқталып, шілде айында аумақта безендіру жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын «Элитстрой Алматы» ЖШС құрылыс компаниясы жүргізді. Атлеттер қалашығында әлеуметтік инфрақұрылым мен көлік торабы дамытылады. Бұл Алматы қаласының Алатау ауданының дамуына серпін бермек.
Барлық үйлер, Универсиада аяқталған соң халыққа қолжетімді тұрғын үй ретінде кепілге берілмек.
Атлеттер қалашығының 29 000 шаршы метрін құрайтын коммерциялық аймағында жергілікті тұрғындарға, ауданға арналған дүкендер, кафе, фуд-корттар, фитнес-орталықтары, аурухана, банк, пошта қызметі, полиция бөлімшелері, қызмет көрсету орталықтары мен сұлулық салондары іске қосылады.
Ақпарат көзі: Baq.kz