«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына облыстан қанша спортшы барды?

XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарына облыстан қанша спортшы барды?
Автор
Жапонияның астанасы Токио қаласында өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында Жамбыл облысынан 7 спорт түрі бойынша 12 спортшы ел намысын қорғауда.

Олардың қат арында еркін күрестен Ғабит Есжанов, Ғасыр Тұрғынбай, грек-рим күресінен Абзал Досжанов, дзюдодан Айдос Түгелбаев, Анна Краморова, Фериде Кара-оглы, Эвелина Егембердиева, таеквондодан Олжас Рысжанов, Мәди Сейсенбаев, жүзуден Софья Закутняя, жеңіл атлетикадан Яна Сибирякова және үстел теннисінен Күлжамилә Әділова бар. Байрақты дода өз салтанатты ашылуымен есте қалды.

Еліміздің Мемлекеттік Туын ұстап шығу құрметі жамбылдық спортшылар – Айдос Түгелбаев пен Анна Крамороваға бұйырды. Жекелей сайыс нәтижесінде дзюдодан 78 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде Анна Краморова қола медаль жеңіп алып, Қазақстан қоржынына алғашқы жүлделердің бірін салды.

Командалық сындарда да жамбылдық дзюдошылар жарқырай түсті. Қазақстан ерлер құрамасы қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальды жеңіп алды. Бұл құрамда жамбылдық Айдос Түгелбаев өнер көрсетті. Әйелдер құрамасы жоғары деңгейдегі шеберліктің арқасында күміс медальға ие болды.

Тұғырдан көрінген команда сапында жамбылдық спортшылар Фериде Кара-оглы мен Анна Краморова бар. Айта кетейік, 15-25 қараша аралығында өтетін Сурдлимпиада ойындарына 81 елден 3 мыңға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша сынға түсуде.

 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

 

Ұқсас жаңалықтар