Денсаулық
iPhone 6 телефоны жарылып жарақаттанған велосипедшіге аяқ терісін ауыстыруға тура келген
- author «Ақ жол»
- 3 тамыз, 2016
- 580
iPhone 6 телефоны жарылып жарақаттанған велосипедшіге аяқ терісін ауыстыруға тура келген
Британдық велосипедші Гарет Клир iPhone 6 телефоны жарылып, жарақат алған. Ол велосипедтен құлаған. Сосын шалбарының артқы қалтасынан түтін шығып жатқанын байқаған.
Артынша аяғының ауырсына бастағанын сезген. Осы уақытта телефон жарылып, оның аяғы жарақаттанған.
«Мен телефонды алып тастамақ болып қолымды күйдіріп алдым. Шалбарымды шешпек болып едім ол аяғыма жабысып қалыпты. Телефон іші қара түске айналып, темірлері майыса бастады», – дейді ол. Оған жедел медициналық көмек керек болған. Тіпті, аяқ терісін ауыстыруға тура келген. «Адамдар бұдан хабардар болсын деймін. Егер осындай жағдай болып, біреудің аяғы емес, беті жарақаттанғанда қалай болар еді. Қайта қуанышқа орай менің қасымда сол сәтте күйіктің алдын ала білетін маман болды», – дейді велосипедші. Клирдің айтуынша, ол Apple компаниясынан ескерту алған, компания оқиға барысын тексеріп жатыр.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




