«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда

Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда
ашық дереккөз
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда
І-ші топ мүгедектері Бақытбек пен Күләш Сейітбековтердің ауданнан Қызылордаға келіп тұрып жатқандарына бір жыл уақыт болған. Екеуі де денсаулықтарына байланысты мемлекеттен көмек ақы алады. Дегенмен, тек сол ақшаға қарап отырған ерлі-зайыптылар жоқ, қолдарынан келгенше тіршілік жасап, нәпақасын табуда деп жазады Stan.kz
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда (фото, видео)
Он екі мүшесі түгел кей адамдарға қарағанда өмірге құштар жандардың отбасында Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі болып қайтқан еді.
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда (фото, видео)
Сейітбековтер отбасы қазір қалада тұрып жатыр. Ата-ананың бар арманы 13 жасар қыздарын жұрт қатарлы бағып-қағу. Қалада жақсы мектепте оқытып, барынша қолдау көрсету.
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда (фото, видео)
  Бақытбек Сейітбеков Кеңес үкіметі кезінде әскерде борышын өтеп жүріп, елге қайтуына небары 1 ай уақыт қалғанында байқаусызда пойыз астына құлап, екі аяқтан айырылады. Бір жыл әскери госпитальде жатып, елге мүгедек болып оралған азамат ауылда суретке түсіруші болып жұмыс істеген.
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда (фото, видео)
  Қалаға келіп жайлы өмір сүреміз деген отағасы мұнда суретке түсіруші болып, ешкімді таң қалдыра алмасын түсінген. Сөйтіп денсаулығы жарағанша күніне бірнеше сағат адам тасып, ақша табады. Орталыққа жақын маңдағы мына үйді қарызданып жүріп алған. Енді сол берешегін қайтару үшін барынша еңбектеніп жатқан жайлары бар.
Екі аяғы мен бір қолы жоқ Қызылорда тұрғыны таксиші болып отбасын асырауда (фото, видео)
Жұбайы Күләш те құр қарап отырған жоқ. Құрақ көрпеше құрауға тапсырыс алып, үйде тігін машинамен жұмыс істеп отырған жайы бар. Бақытбек Сейітбеков ай сайын өзінің жәрдемақсын толықтай қарызға береді екен. Жұбайы алатын 40 мың теңге жәрдемақы толықтай азық-түлікке кетеді.  Отағасы қысқа дейін ауласын қоршап, жуынатын орын мен әжетхананы үйдің ішіне салып алуды жоспарлап отыр. Ел арасынан көмек қолын созғысы келетіндердің де жәрдемін қуана қабылдауға әзір.

Ақпарат көзі: Nur.kz

Ұқсас жаңалықтар