«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Шымкентте алма ағашы екінші рет гүлдеді

Шымкентте алма ағашы екінші рет гүлдеді
ашық дереккөз
Шымкентте алма ағашы екінші рет гүлдеді

Шымкентте ресторандардың бірінің жанындағы алма ағашы биылғы жылы екінші рет гүлдеді. Бұл туралы tvk-uko.kz ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

 Жеміс ағашы мұнда бұдан үш жыл бұрын отырғызылған екен. Ол алғаш рет маусым айында гүл жарыпты. Енді, міне, 1 тамыз күні тағы да аппақ жапырақтарын жайып ашып, шешек атып шыға келіпті.

Табиғаттың осынау ғажайып көрінісі қала тұрғындарының бірқатарын қатты қуантып жібергенге ұқсайды. Олар ақ гүлдің көмкеруінде тұрған ағаштың жанында жапатармағай суретке түсе бастапты.

«Мен осы жерде 5 жылдан бері аспаз болып жұмыс істеймін. Мына алма ағашын біздің басшымыз Луфатулла Шаходжаев отырғызды. Содан бері 3 жыл өтті. Мен мұндай құбылысты алғаш рет көріп тұрмын. Ол көктемде гүлдеп, бізге дәмді жемістерін сыйлап еді. Енді, міне, екінші рет гүлдеп тұр. Осы жасыма дейін мұндай ғажапты көрген емеспін. Шамасы, жақында тағы да оның мәуесін жейтін шығармыз», – дейді ресторан қызметкері Гүлнұр Әбдулиева.

Ақпарат көзі: BNews.kz 

Ұқсас жаңалықтар