Саясат
Еліміз электронды үкіметті дамытқан 10 үздік елдің қатарына кірді
- author «Ақ жол»
- 2 тамыз, 2016
- 617
Еліміз электронды үкіметті дамытқан 10 үздік елдің қатарына кірді
Қазақстан электрондық үкіметті дамыту бойынша Азияның он үздік елінің қатарына кірді, деп хабарлайды BNews.kz.
БҰҰ есебіне сәйкес, Қазақстан Азия мемлекеттерінің арасында 7 орынды иеленді. Бұдан жоғары сапта Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль, Бахрейн және Біріккен Араб Әмірліктері орналасты.
Сонымен бірге БҰҰ-ның жаһандық рейтингісі бойынша Қазақстан 33-орынды иемденіп, барлық ТМД елдерінен алда келе жатқанын атап өткен жөн.
Электрондық үкіметті дамыту бойынша биылғы ең үздік көрсеткіш Ұлыбританияда, одан кейінгі орында Австралия болса, үшінші орынды өткен жылдардың көшбасшысы Оңтүстік Корея иемденіп отыр. Жаһандық рейтинг бойынша АҚШ - 12 орын, Ресей - 35 орын, Қытай - 63, Өзбекстан мен Қырғызстан - 80 мен 97 орындарда.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




