Толыққанды исламдық қаржыландыру жүйесін құруға бағытталған заң жобасы мақұлданды - Мәжіліс
- author «Ақ жол»
- 28 мамыр, 2014
- 810
- Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Аталған заң жобасының мақсаты исламдық сақтандыруды енгізу, ислам банктерінің қызметіне едәуір қолайлы жағдайлар жасау, сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесінің тұрақтылығы мен қаржылық орталығын қамтамасыз ету болып табылады. Осымен қатар, заң жобасымен қызметкерді еңбек міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жолымен Қазақстанда толыққанды исламдық қаржыландыру жүйесін құру қарастырылады.
«Заң жобасымен исламдық қаржыландыру жүйесін одан әрі дамыту үшін исламдық сақтандыруды енгізу қарастырылып отыр. Әдеттегі сақтандыру исламның сақтандыру қағидаттарына қайшы келетіні айқын. Бұл исламдық қаржы жүйесінің қатысушыларының тәуекелдерін жабуға мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты құжатта исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын заң деңгейінде бекіту және исламдық сақтандыруды ынталандыру ұсынылады», - дейді ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.
Ақпарат көзі: www.kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




