«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Дубайда тұрғызылып жатқан төбесі көк тіреген ғимараттар тропикалық климат құрады

Дубайда тұрғызылып жатқан төбесі көк тіреген ғимараттар тропикалық климат құрады
ашық дереккөз
Дубайда тұрғызылып жатқан төбесі көк тіреген ғимараттар тропикалық климат құрады
ZAS Architects фирмасы жасақтаған, төбесі көк тіреген зәулім ғимараттар жобасы 550 миллион долларға түседі және аса  әдемі қалалық курортқа айналады, деп хабарлайды Naked Science. Екі зәулім ғимараттан тұратын биік мұнаралардың жалпы аумағы 186 000 шаршы метр.Екі мұнара да 53 қабаттан болады. Ал біреуінде 448 бөлмелік бірінші класты отель болса, екіншісінде 280 пәтер бар. Мұнараға кірер жер аса үлкен тропикалық орманда жүргендей әсер қалдыратын 3D-проекциялармен жабдықталады. Бұдан басқа түрлі аудиовизуальды, робототехникалық және 3D-технологиялар оның әсерін күшейте түсетін болады. Зәулім ғимараттардың басты ерекшелігі аумағы 7000 шаршы метр ашық тропикалық орман болмақ. Мұнда қоғамдық аттракцион, тропикалық өсімдіктер және тропикалық ылғалды ауа жүйесі орнатылады. Сәулетшілердің айтуынша, осында жаңбыр мен тұманды да көзге елестете аласыз. Тағы айта кетер жайт, екі ғимаратта аса жылдам лифттермен, жүкті номерге әкеп беретін роботталған жүйелермен жарақталады. Қазіргі уақытта бұлардың құрылысы жүріп жатыр және 2018 жылы бітуі  күтілуде.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат  

   

Ұқсас жаңалықтар