Неміс радикалы ислам дінін қабылдады
Германияның «Билд» басылымы осы елдің ультра радикалды партиясы атынан Дрезден қаласы әкімдігінің мүшесі Вернер Клаунның хақ жолға түскенін хабарлады.
Ол исламды қабылдап қана қоймай, босқындарға көмек көрсетіп, радикалды бағыттан бас тартқанын іспен дәлелдеді, деп хабарлайды islam.kz.
Айта кетейік, Дрезден – исламға қарсы «Багида» деп аталатын еуропалық қозғалыстың іргетасы қаланған қала. Ол тілін кәлимаға келтіргеннен кейін есімін Ибрагим деп өзгерткен. Оның исламды қабылдауына немістің ұлы ақыны Иоганн Вольфганг Гётенің шығармашылығы себеп болыпты. Сондай-ақ, ол неміс тіліне аударылған қасиетті Құран кітабын оқып жүр. Ол исламды қабылдай салысымен мұқтаж жандарға қолұшын созып, Сириядан және Ливиядан келген төрт босқынды үйіне паналатып отыр.
Ақпарат көзі : stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




