Рио-де-Жанейрода олимпиада қалашығында өрт шықты
Рио-де-Жанейроның батыс бөлігіндегі олимпиадалық қалашықта өрт шықты, деп хабарлады lenta.ru.
Globo Esporte басылымының ақпаратына сәйкес оқиға австралиялық делегация тұрып жатқан үйде, жұма кешке орын алған. Зардап шеккендер жоқ.
Австралия ұлттық олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, өрттің шығуына ғимарат жертөлесінде қоқыстың тұтануы себеп болған. Саты жақ түтіндеген соң, құраманы эвакуациялауға тура келген.
Рио-де-Жанейродағы олимпиадалық ауыл ресми 24 шілдеде ашылды. Олимпиадалық ойындар 5 -21 тамыз аралығында өтеді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




