Мұхит түбінен жаңа тіршілік иесі табылды
Фото: smithsonianmag.com
АҚШ-тың Калифорния штатында мамандар Nautilus сүңгуір қайық арқылы мұхит түбіне экспедиция жасады. Ғалымдар іс барысында бұрын-соңды болмаған жаңа тіршілік иесін тапты. Күлгін түсті, шар тәріздес су тіршілігі көпшіліктің таңданысын тудырды.
«Міне, қызық! Мен мұндайды өмірімде көрген емеспін», – деді зерттеушілердің бірі.
Оның диаметрі – 5 сантиметр. Сырты түрі кедір-бұдыр, күлгін қабықшасынан қызыл-сары түсті өзегі көрініп тұр. Мұхиттанушылар көп ұзамай вакуумды жүйе арқылы оны сорып алды. smithsonianmag.com ақпары бойынша, кеме ішінде ол екіге бөлініп кеткен екен.
Калифорния университетінің қызметкері, мұхиттанушы Джефф Годдард книдария, голотурия сияқты мұхит тіршілігінің жаңа бір түрі деген болжам жасады. Ал тереңірек зерттеу үшін мамандарға бірнеше жыл уақыт қажет. Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




