Денсаулық
Франция халықты терактіден қорғайтын ұлттық гвардия жасақтамақ
- author «Ақ жол»
- 29 шілде, 2016
- 601
Франция халықты терактіден қорғайтын ұлттық гвардия жасақтамақ
Францияда ел тұрғындарын террорлық шабуылдардан қорғайтын ұлттық гвардия жасақталады. Мұндай бастаманы елдің президенті Франсуа Олланд мақұлдаған.
Айтуынша, ұлттық гвардия полиция мен жандармерияның резервінде тұрған азаматтардан жасақталмақ. Олардың басты міндеті – халықтың қауіпсіздігін қас қақпай қадағалау. Парламентте оны қайта құру туралы келіссөздер қыркүйек айында талқыланады деп күтілуде. Дегенмен мемлекет басшысы жаңа құрылым тезірек іске қосылғаны дұрыс дегенді алға тартып отыр.
Естеріңізде болса, 14 шілде күні Ницца қаласында бір қаскөй жүк көлігіне мініп, 84 адамды таптап өтті. Ал 26 шілдеде қолдарына пышақ алған екі адам шіркеуге басып кіріп, бес адамды кепілге алған. Арнайы бөлімнің сарбаздары содырлардың көзін жойды. Алайда қылмыскерлер 84 жастағы діни қызметкерді өлтіріп, тағы екі адамды жаралап үлгерген.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




