Денсаулық
ОҚО-да ауа температурасы 49 градусқа дейін көтеріліп кетті
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 301
ОҚО-да ауа температурасы 49 градусқа дейін көтеріліп кетті
Оңтүстік Қазақстан аймағында соңғы үш күнде күн райы күрт көтерілді деп хабарлайды ТВК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ. Термометр тілі қала аумағында 43, ал кейбір аудандарда + 49 градусқа дейін жеткен. Осының салдарынан облыстық кардиологилық орталық дәрігерлерінің көмегіне жүгінгендер саны да артқан. Әсіресе, шіліңгір ыстық жүрегі ауыратындарға қиын соғуда.
"Соңғы үш күнде бізге келушілер саны көбейді. Шұғыл түрде жеткен 22 адамның барлығы күн ысып кеткенде денсаулығы сыр бергендер", - дейді облыстағы кардиологиялық орталықтың дәрігері Зәуре Омарханова.
Ал синоптиктер мұны өтпелі кезең деп болжайды. Олардың айтуынша, күннің қатты ысуына Орта Азиядан келген жылы ағындар әсер еткен. Соның салдарынан сынап бағасы 43 градусқа дейін жетсе, Қызықұм, Арыс, Созақ аудандарына 49 градусқа дейін көтерілді.
Дегенмен, мамандар алдағы күндері аптап ыстықтые беті қайтады деп болжап отыр.
Ақпарат көзі: Nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді