Саясат
Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса жабылды
- author «Ақ жол»
- 28 шілде, 2016
- 266
Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса жабылды
Түркияда төтенше жағдай режімін қолдану барысында ел билігі 313 БАҚ-ты жабуды жөн санады. Олардың ішінде ондаған газет, бірнеше ақпараттық агентітк, баспа үйлері бар, - деп хабарлады CNN Turk.
Үкімге сәйкес Түркияда үш ақпараттық агенттік, 16 телеарна, 23 радиостанса, 45 газет, 15 журнал, 29 баспа үйі жабылады.
Билік жабуға шешім қабылдаған баспалардың ішінде Chian агенттігі мен радиостансасы, Nazar газеті, Yumurcak телеарнасы және т.б. бар. Бұдан басқа, жабылған БАҚ-тар ішінде Zaman және Today's Zaman газеттері де бар. Бұдан бұрын Reuters дерекөзі үкімет ортасында билік Zaman-нан 47 журналист пен колумнисті ұстауға шешім қабылдағанын мәлімдеген.
«Прокурорларға бұл «ұсталған» колмунистердің не айтып немесе жазғаны қызық емес. Қазіргі уақытта бұған себеп Zaman қызметкерлерінің Гюлен желісі жайлы білімдері терең болу ықтималдығы және тиісінше тергеуге үлес қосуы мүмкін», - деді агенттік дереккөзі.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді