Саясат
Елбасы ҚХР төрағасына көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқынына байланысты көңіл айтты
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2016
- 574
Елбасы ҚХР төрағасына көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқынына байланысты көңіл айтты
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар провинциясында көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Естеріңізге салып өтсек, Қытайдың оңтүстік және орталық аудандарында болған су тасқынынан жүздеген адам қаза тауып, жүздеген мыңы эвакуацияланды. Гуанси, Хунань, Хубэй, Сычуань және Хэнань провинцияларында бұрын-соңды болмаған жауын-шашын түсіп, ондаған мың үй су мен лай көшкінінің астында қалды.Ал Қытайдың Хубэй провинциясында нөсер жауыннан бөгет жарылып, 34 мың тұрғын эвакуацияланды.
Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




