Саясат
Назарбаев "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға қол қойды
- author «Ақ жол»
- 27 шілде, 2016
- 725
Назарбаев "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға қол қойды
Мемлекет басшысы "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы төлем нарығындағы қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған "Төлемдер және төлем жүйелері туралы» заңға қол қойды", - делінген жарияланған хабарламада.
Сондай-ақ, Назарбаевтың заңнаманы сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төлемдер мен төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойғаны айтылады.
Айта кетейік, Парламент депутаттары "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" заң жобасын биыл жазда қарастырады. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - төлем қызметтеріндегі төлем жүйесін реттеу, банктегі тәжірибелерді жетілдіру және төлем қызметін тұтынушылардың құқығын қорғауды күшейту.
Ақпарат көзі:Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Үздік партияға – үздік кадрлар
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




