Таразда өрт шығып, екі қыз оңбай күйіп қалды
Таразда өрт кезінде екі қызды қатты өрт шалған, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 26 шілдеде сағат таңғы 05.07-де Тараз қаласының Жамбыл даңғылының бойында болған.
"Автовокзал маңында орналасқан "Фастфуд" жылдам әзірлеу контейнерінде газ балонының ақауынан газды әуе қоспасы тұтанып, артынша өртке ұласқан", - дейді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Өрт сөндіру қызметі өрттің жайылуын 05.15-те тоқтатып, 05.23-те оны толығымен сөндірді. Өрттің шығу себебі мен салдары анықталуда.
Өрт салдарынан 26 жастағы және 18 жастағы екі қыздың 90 пайыз денесі күйіп қалған, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт сөндіруге жеке құрамның 11 адамы және үш арнайы техника жұмылдырылған.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




