Манхэттенде "люкс" санатындағы киіз үй пайда болды
Манхэттенде "люкс" санатындағы киіз үй пайда болды. Онда бір күн түнеп шығу құны екі мың доллар тұрады - бұл дегеніміз элиталық қонақүйдің номерінен әлдеқайда қымбатырақ.
Мұның басты себебі, бұл қонақүй Орта Азия халықтарының салт дәстүрі бойынша салынған.
Киіз үй терассада қаланың адамдар көп шоғырланған жерінде орналасқан. Алайда, дизайнер Кимберли Винтроптың айтуынша бірегей құрылымда дыбыс өткізбейтін құрылғылар орнатылған және сол себепті зулаған көліктердің даусы қонақтардың алаңсыз ұйықтауына кедергі келтірмейді.
Киіз үйдің артында алаңқай бар, онда сіз көрпелерде жата аласыз және от жағып, орта азиялық кемпинг ұйымдастыра аласыз.
Жоба авторларының айтуынша, мұндай қонақүйді жасауды оларға Калифорнияда өткен Коачелла музыкалық фестивалінен көрген.
W Hotel қонақүйі қараша айына дейін жұмыс істейді. Нью-Йорк тұрғыны қонақүйдің суреттерімен әлеуметтік желіде белсенді түрде бөлісіп жатыр. Бағасының қымбат екендігіне қарамастан, бұл қонақүй бос тұрады деу қиын.
Ақпарат көзі:Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




