«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сырттай талдау сыбайластық тәуекелдерін анықтауда

Сырттай талдау  сыбайластық тәуекелдерін анықтауда
ашық дереккөз
Сырттай талдау сыбайластық тәуекелдерін анықтауда

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес, оның алдын алу өзекті. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті іштен ірітетін дерт секілді. Ал дерттен қоғамға төнер қауіп көп. Сондықтан да, еліміз жемқорлықпен күреске басымдық беріп отыр. Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа Заң сыбайластық әрекеттерінің алдын алу шараларын күшейте түсері анық. Ал осы заңда көрсетілген талаптарды орындау облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментіне жүктелген. Департамент қызметкерлері қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында 111 іс-шара өткізді. Бұл шараларға жалпы 10 мыңға жуық тұрғын қамтылды. Негізінен жаңа заң және Елбасы бекіткен «2015 – 2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияда» айқындалған басымдықтарға мән берілді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 7, 8-баптарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілетіні және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасалатыны көрсетілген. Заңға сәйкес ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қарсы 4 мониторинг жүргізілді. Нақтырақ айтсақ, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және тұрғын үй қатынастары, шағын және орта бизнесті субсидиялау, білім және денсаулық сақтау салаларында атқарылған жұмыстар сараланды. Мониторинг барысында осы салаларда жиі жол берілетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды. Атап айтқанда, білім басқармасында жұмысқа қабылдау кезінде 2 рет біліктілік талаптарының сақталмаған жағдайы тіркелген. Шу аудандық білім бөлімінде бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған тұлға жұмысқа қабылданған. Сонымен қатар, білім және денсаулық сақтау салаларында құқықтық актілердің нормаларында 10 қарама қайшылық байқалып отыр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмысына жүргізілген мониторинг барысында қызметкерлердің командалық ауысу дерегі орын алғаны анықталды. Мониторинг қорытындылары нәтижесінде тиісті мекемелерге бірқатар ұсыныстар жасадық. Ағымдағы жылдың 6 айында 7 мемлекеттік мекемеде сыртқы талдау жүргізілді. Олардың арасында қорғаныс істері жөніндегі, жер кадастры, білім және ауыл шаруашылығы мекемелері бар. Қазір 5 мекеменің жұмысы бойынша талдау жұмыстары аяқталды. 2 мемлекеттік мекемеде әлі жалғасуда. Талдау жұмыстарының қорытындысы бойынша барлығы 31 ұсыныс енгізілді. Талдау нәтижесінде бірқатар мекемелерге сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және жол бермеу үшін ұсыныс берілді. Тарқатып айтсақ, мемлекеттік органдардың қызметін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілердегі сәйкессіздіктер мен қарама-қайшылықтарға қатысты (7 жағдай), стандарттарда қарастырылмаған қосымша құжаттарды сұрату жағдайына (49 жағдай), толық емес құжаттар қабылдай отырып мемлекеттік қызмет көрсеткен (9 жағдай), көрсетілетін мемлекеттік қызмет мерзімінде орындалмаған (17 жағдай), көрсетілетін мемлекеттік қызмет белгілері бар функциялар (1 жағдай) және қызмет алушының қызмет берушімен тікелей байланысу (30 жағдай), жұмысқа қабылдау кезіндегі мүдделер қақтығысы, сондай-ақ туыстық қатынасы болған (1 жағдай), бірінші басшының жұмысының ауысуы кезіндегі командалық ауысуларға (4 жағдай) байланысты ұсыныстар.

Ержан Жұмабеков, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар