Yahoo компаниясы 4,8 млрд. долларға сатылады

Verizon Communication Inc басшылығы Yahoo компаниясын 4,8 миллиард долларға сатып алу жөнінде келісімге келді. aa.com.tr ақпары бойынша келіссөздер өткен жұмадан бері жүріп жатыр.
Verizon басшылығы бұл туралы ресми хабарлаудан әзірге бас тартты. Ал Yahoo биылғы жылдың екінші тоқсанында 440 миллион долларға шығындалғанын мәлімдеді. Verizon бұдан бөлек America Line AOL компаниясын 4,4 миллиард долларға сатып алу жөнінде келісімге келді.
Yahoo – интернеттен іздеу жүйесі бойынша танымалдығы жағынан әлемдегі екінші компания. Оның негізін 1994 жылдың басында АҚШ-тың Стэнфорд университетінің аспиранттары Дэвид Файло мен Джерри Янг қалаған. Ал 1995 жылдың 2 наурызында үлкен корпорацияға айналдырды. Бүгінде оның штаб-пәтері Саннивейл қаласында орналасқан.
Ақпарат көзі: Егемен Қазақстан
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




