Әрекет түбі – берекет

Әрекет түбі – берекет
ашық дереккөз
Әрекет түбі – берекет

Бюджеті бай мемлекеттің – мерейі үстем

Елбасының осы нақты тапсырмасын басшылыққа алып, еңбек еткен облыс кәсіпорындары 2014 жылдың бірінші тоқсанында 60 миллиард теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өсім 1,9 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібі және ашық кеніштерді игеруде өндіріс көлемі 1,8 есеге, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 1,6 пайызға ұлғайту есебінен осындай көрсеткіштерге жеттік. Дегенмен, өңдеу өнеркәсібінің көлемі былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда 6,9 пайызға қысқарып, 39,5 миллиард теңгені құрады. Өңірлер арасында өнеркәсіп өндірісінің өсімін Байзақ, Жуалы, Қордай,Т. Рысқұлов, Шу аудандары мен Тараз қаласының кәсіпорындары қамтамасыз етті. Алайда, «Меркі қант зауыты» ЖШС-нің тоқтап тұруынан өнеркәсіп өндірісінің көлемі Меркіде 69,9, Мойынқұмда «Алтыналмас» акционерлік қоғамы мен «Мыңарал Тас Компания» ЖШС-де де осындай жағдай орын алып, өнім өндіру 0,2, Сарысуда «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде де өндіріс көлемі төмендеуінен және «Жаңатас металлургия комбинаты» ЖШС тоқтап тұруынан – 11,3, «Амангелді газ өңдеу зауыты» ЖШС-де өндіріс көлемінің төмендеуінен Таласта 2,3 және Жамбыл ауданында 52,9 пайызға төмендеді. Индустрияландыру картасының аясында ауқымды тірлік қолға алынды. 2010 жылдан бері іске қосылған 27 өндірістің 15-і жоспарланған қуатының 60-тан жоғары пайызын, ал, төртеуі 60-тан төмен пайызын игеріп отыр. Биыл осы бағытта 25,4 миллиард теңгенің 7 инвестициялық жобасы жүзеге асады деп көзделуде. Жоба жүзеге асқанда 1182 жұмыс орны ашылады. Облыс аграрлы өңір болғандықтан облыстық әкімдік салаға қашаннан қамқорлық пен қолдау көрсетіп келеді. Ауылшаруашылығында 16,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырмалы алып қарағанда 103,1 пайызға артқан. Мал шаруашылығында бұл көрсеткіш 3,2 пайызды құраған. Статистика агенттігінің мәліметіне сүйенсек, бірінші тоқсанда өңірде шағын және кәсіпкерлік саласында кәсіпкерліктің белсенді субьектілерінің саны өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 11,9 пайызға өсіп, 42887 бірлікті құраған. 2010 жылдан бері «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 3,7 миллиард теңге сомасына кәсіпкерлердің 264 жобасына қаржылық қолдау көрсетілді. Ал, биылғы үш айда 22 жобаның тамырына қан жүгірді. Бірінші тоқсанда негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 0,6 пайызға артып, 13,7 миллиард теңгені құраған. Инвестициялардың жалпы көлемінде 59,2 пайызды инвесторлардың өз қаражаты мен қарызға алған инвестициялар, 9 пайызды бюджеттік салымдар, 31,8 пайызды банк несиелері құрады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Меркі ауданында – 57,3, Мойынқұмда – 58,2, Таласта – 67,8 және Шуда – 79,8 пайыз төмендеген. Өңірде өткен үш айда 40,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, былтырғы осы мезгілмен салыстырғанда 5 пайызға артты. Алайда, барлық тұрғын үйлер жеке меншік секторда бой көтерді. Биыл «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында ел қазынасынан облысқа 30 көп пәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 603,9 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржыға облыс орталығында –21, Қаратауда – 4 және Шу қаласында – 5 үй жөнделеді. Коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және су ағызу, жылу энергиясы, газдандандыру нысандарының құрылысына әрі жаңғыртуға, жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеуге биыл 9,5 миллиард теңге қарастырылса, оның үш айда 1,1 миллиард теңгесі игерілді. Өткен үш айға шолу жасағанда азық-түлік мәселесін айналып өте алмаймыз. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары – 4,1 пайызға қымбаттаған. Облыста азық-түлік өнімдерінің тұрақтандыру қорына 240,8 миллион теңгеге 3453 тонна азық-түлік тауарлары сатып алынды. Тараз қаласында коммуналдық базар жұмыс істейді. 1 сәуірге дейін облыс бойынша 11 рет жәрмеңке өткізіліп, 250,5 миллион теңгенің өнімі өткерілді. Азық-түлік бағасының көтеріліп кетуіне жол бермес үшін осындай шаралар қолға алынып жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іс жүзінде жүзеге асыруға 5,7 миллиард теңге бөлініп, осы қаржының бірінші тоқсанда 0,2 миллиард теңгесі игерілді. Бюджеті мықты мемлекеттің еңсесі биік. Сондықтан да Елбасы бұл мәселеге аса мән беріп отырады. Облыста қаңтар, ақпан және наурыз айларында мемлекеттік бюджетке 13,5 миллиард теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды. Ел бюджетіне болжам 94,5 пайызға, ал, жергілікті бюджетке 111,5 пайызға орындалды. Меркі ауданы болжамды 10,2 пайызға орындай алмады. Өндірісі, ауылшаруашылығы, сонымен қатар, шағын және орта бизнесі дамыған іргелі аудан үшін бұл үлкен сын. Алдағы тоқсандарда аудан басшылығы мәселені жолға қою жағын ойластырғандары жөн.

28Жомарт ӘМІРХАНОВ, облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

Ұқсас жаңалықтар