Денсаулық
Жамбыл обысында Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды
- author «Ақ жол»
- 25 шілде, 2016
- 745
Жамбыл обысында Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен екі адам ауруханаға жатқызылды
Жамбыл облысында Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен Сарысу ауданының екі адамы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды аймақтық ТЖД.
«19 және 20 шілде күндері Сарысу ауданының Саудакент ауылдық ауруханасына Конго-қырым қызбасын жұқтырды деген күдікпен екі адам - 40 жастағы ер адам мен 65 жастағы әйел адам жатқызылды. Екеуінің де жағдайы тұрақты. Эпидемияға қарсы шаралар жасалуда» деді ведомствоның баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, сәуір айында кене шаққан Байзақ ауданының тұрғыны көз жұмған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасында атап өткендей, Байзақ ауданы осыған дейін Конго-қырым қызбасының ошағы бар аймаққа жатпаған, енді Жамбыл облысының сондай аймақтарына жатқызылатын болады. Облыс бойынша Конго-қырым қызбасының ошағы Мойынқұм, Сарысу мен Талас аудандарында - 70 мың адам тұратын 49 елді мекенде таралған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




