Facebook интернетті барлық жерде қолжетімді етпек
Facebook компаниясы күн сәулесінен қуат алатын ұшқышсыз ұшақты сынақтан өткізді, деп хабарлады www.24.kz.
Болашақта мұндай аппараттар әлемдегі миллиардтаған адамның интернет желісіне қол жеткізуіне көмек береді. Инженерлер екі жыл жұмыс істеп ойлап тапқан жаңа құрылғы «Акуилла» деген атау алған. Ол жер бетінен 20 шақырым биіктікте 3 ай бойы ұшып жүре алады. Компания өкілдері дронның әлі талай сынақтан өтіп, әуеде ұшу мерзімінің ұзақтығынан барлық пилотсыз ұшақтардың рекордын жаңартатынына сенімді.
Айта кетейік, бүгінде Facebook әлеуметтік желісіне тіркелгендер саны 1,5 млрд адамнан асқан. Ал, жер бетінде әлі осынша адамның географиялық және саяси жағдайларға байланысты мүлдем интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі жоқ. Сондықтан Facebook ғаламторға қосылмаған аудандардың барлығына интернетті жеткізудің тың тәсілін табу үшін миллардтаған доллар жұмсаған.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




