Мюнхеннің орталығында атыс болды, құрбандар бар
Германиядағы Мюнхеннің сауда орталығында атыстар естілуде, деп хабарлады Рейтер агенттігі жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Abendzeitung Muenchen басылымының мәліметтеріне қарағанда, оқиға салдарынан кемінде 15 адам қазаға ұшыраған. Оқ атқан адамдар туралы мәліметтер келтірілмеген.
Франс Пресс агенттігінің хабарлауынша, бір адам мерт болып, тағы он адам жараланған.
Мюнхен полициясының мәлімдеуінше, оқ атқан адам әлі де ғимараттың ішінде. Құқық қорғаушылар тұрғындардың бұл ауданнан аулаққа кетуін өтінді. Қалада бірнеше жолбағыт бойынша метро қозғалысы тоқтатылған, деп хабарлады РИА Новости.
БАҚ куәгерлерге сілтеме жасап, оқ жаудырған адам жалғыз болғанын, оның қашып кеткенін хабарлауда. Оқиға орнына полицейлік арнайы қызмет өкілдері келді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




