Айткүл ананың жыры
Жуырда жергілікті баспалардың бірінен ақынжанды ана Айткүл Дүйсенбекованың «Өмір толқындары» атты жаңа жыр жинағы жарық көрді.
Айткүл Дүйсенбекова – көп балалы ана, «Алтын алқа» иегері. Ол сегіз ұл-қызды өмірге әкеліп, тәрбиелеп өсірді. Бала кезінен өлеңге жақын болып өскен Айткүл Саттарқызы қоғамдық өмірге әрқашан атсалысып, маңызды оқиғаларға, науқандарға өз көзқарасын білдіріп отыруды өзінің азаматтық парызы деп санайды. Тәуелсіз елінің әр жеткен жетістігіне, асқан асуына шүкіршілік білдіріп отыратын ақынжанды ана мерейлі сәттерді жүрекжарды жырларымен қағазға түсіріп, оқырманға ұсынып келеді.
Оның бұл жаңа кітабына әр жылдары жазылған сондай патриоттық сарындағы өлеңдері еніп отыр. Отан, жер, туған ел және табиғат, көңіл-күй лирикалары тақырыптарындағы шығармалары кітап мазмұнын аша түскен.
Қалам-қағазын жанына серік еткен қаламгер анаға біз де шығармашылық табыс тілегенді жөн көрдік.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




