Денсаулық
Алматы әкімі Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2016
- 223
Алматы әкімі Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті
Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет Басшысы Н. Назарбаевтың атынан 18 шілдеде қандықол қарақшының қолынан қаза тапқан полиция қызметкері Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыс етті. Сонымен қатар, жаңа пәтерді жөндеп, ретке келтіру жұмыстары бойынша да көмек көрсетілетін болады.
«Бұл - Елбасының тікелей тапсырмасы. Сондықтан, Сізге Елбасының атынан осы кілтті табыстаймын. Сіздің ұлыңыз - нағыз батыр. Ол қаншама адамның өмірін аман алып қалды. Оның артында балалары қалды. Біз оларға қолдан келген көмектің барлығын жасаймыз. Жаңа пәтерге көшулеріңіз үшін бір ай ішінде сол пәтерге барлық қажетті жөндеу, жабдықтау жұмыстары жүргізілетін болады. Бекем болыңыздар!», - деді әкім.
Сонымен қатар, әкім бұл жаңа ауданда жаңа балабақшалар, мектептер, емханалар және Универсиададаның жаңа нысандары салынып жатқандығын айтты.
«Біздің отбасымызда қайғылы жағдай орын алды. Президентіміз және бүкіл Қазақстан халқы бізге осындай ауыр жағдайда қолдау көрсетіп жатыр. Барлықтарыңызға көп-көп рахмет! Елімізде тек тыныштық болсын, аспанымыз ашық болсын. Күйеуімнен айырылғаным мен үшін орны толмас қаза. Бірақ, мен соған қарамастан барлықтарыңызға ризашылығымды білдіремін. Еліміз аман болсын», - деді Аян Ғалиевтің әйелі Анар Асанова.
Ғалиевтар отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған жаңа тұрғын үйге алғашқылардың бірі болып орналасады. Басқа тұрғындар соңына қарай, ҚР Конституция күні қарсаңында қоныстанады.
«Елбасына және Қазақстан халқына көп рахмет. Бізге барлық адамдар қайғымызға ортақтасып, бізге қолдау көрсетіп жатыр. Інім Аянның үйіндегі келініме жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Өте жақсы үй, барлығымызға ұнады. Аянның балаларының осы үйде бақытты өмір сүрулеріне, елінің патриоттары болатындарына тілектеспін. Аянның да арманы сол еді ғой!», - деді Аянның ағасы Саян Ғалиев.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді