Саясат
Назарбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2016
- 261
Назарбаев жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесу барысында Кәрім Мәсімов Нұрсұлтан Назарбаевқа ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады.
Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. "Біріншіден, экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол берілмеуі тиіс, ол үшін барлық жағдай жасалған, қажетті қаражаттар бөлінген, жұмыстың тиісті бағыттары анықталған. Екіншіден, астық жинау мен күзгі-қысқы кезеңге дайындық мәселелеріне назар аудару қажет. Сонымен бірге ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жылғы қысқы Универсиадаға әзірлікті жалғастыру керек", - деді Қазақстан Президенті.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индустриялық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру үшін шаралар қабылдау қажеттігіне назар аударды.
Сондай-ақ Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. "Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, алдын-ала қорытындыларын жасау және ары қарайғы іс-қимылды айқындау үшін барлық аталған мәселелердің шешімін әзірлеуді сұраймын", - деді Мемлекет басшысы. Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
АЭС жобасы – экологиялық тұрғыда қауіпсіз
- 19 қыркүйек, 2024
Тәртіптің бастауы – әдептілік
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді