Жамбыл облысында әжетханадағы сәбиді құтқарған жігіт медальмен марапатталды
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2016
- 477
Ермек Меңдібаевтың есімі қазір көпке мәлім. Ол жол бойындағы әжетханадан жаңа туған нәрестені аман алып қалған еді деп хабарлайды Хабар арнасы.

Оқиға қақаған қыс қаңтар айында болды. Ермектің ептілігінің арқасында тастанды нәрестеге дер кезінде қажетті көмек көрсетілді. Осы әрекеті үшін ол «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.
Мешін жылының үшінші күні Ермектің есінен ешқашан кетпейді. Ол кезекшілігін өткізіп, үйіне қайтпақшы болатын. Жедел шақырту түскенде бірден көмекке ұмтылды. Күре жолдың бойындағы әжетхана түбінен нәрестені көргенде бір сәт бөгелместен, көмек қолын созды.
Ермектің құтқару бекетінде еңбек еткеніне жыл толған жоқ. Ол мұнда фельдшерлік қызметте. «Нәрестені қолға алған уақытта оның шыр еткен дауысы әлі құлағымнан кетпейді», – дейді ол.
"Баланы аман-есен алып шыққанда қуандым. Әйтеуір бір Құдай сақтап қалды ғой, көретін жарығы бар екен. Бірінші түскен кезде бала үндемей жатыр, қорқып кеттім. Шетінеп кетті ме екен деп қайтадан барып, баланы ұстап қалып едім, шыңғырып жылап жібереді. Сол кезде қуанып кетіп, басқаша сезім болды кәдімгідей", - дейді медициналық құтқару бекетінің фельдшер-диспетчері Ермек Меңдібаев.
Қызметтестері Ермектің батылдығы мен жедел шешім қабылдау қасиетін жоғары бағалайды. Ұжымда ең кішісі болғанымен, сөзінің салмағы бар. Ал соңғы жағдайдан кейін жас маманға деген құрмет арта түскен.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




