Үндістанда адамдарға киноға бару үшін демалыс бермекші
Үндістанда бірнеше компания басты рольде үнді киносының жұлдызы Раджникант ойнайтын «Кабали» фильмін тамашалағысы келетін қызметкеріне демалыс бергелі отыр деп хабарлайды 24.kz. 

Компания өкілдері фильмнің премьерасы болатын жұма күні бәрібір қызметкерлерінің көбісі жұмысқа келмей, фильмді тамашалауға барады дейді.
Ал Раджниканттың Ченнаи қаласындағы өнерін сүйетіндер фильмнің прокатқа шығуына байланысты 22 шілдені ресми демалыс күні деп тану туралы онлайн-петиция жариялады.
Air Asia әуе компаниясы да фильмнің жарнама науқасына атсалысып, Бангалор мен Ченнай арасындағы рейстерде жолаушыларға Раджниканттың сүйікті асын ұсына бастады.
Айта кетейік, «Кабали» – тамил тіліндегі гангстерлік драма, онда Раджникант қарт мафиозды ойнайды.
Раджникант деген атпен танымал болған Шиваджи Рао Гаеквад кинодағы алғашқы ролін сонау 1970 жылы сомдаған. 66 жастағы актер 150-ден астам фильмде ойнаған. Ол Үндістанда культтік әртіс саналады.
ақпарат көзі zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




