Денсаулық
«National Geographic Ресей» журналы Мәскеуде Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырды (ФОТО)
- author «Ақ жол»
- 22 шілде, 2016
- 606
«National Geographic Ресей» журналы Мәскеуде Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырды (ФОТО)
«National Geographic Ресей» журналы РФ-дағы ҚР Елшілігімен бірлесіп, Мәскеу тұрғындары мен қонақтарының назарына «Қазақстан - ұлы дала елі» фотокөрмесін ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпаратжазады.
РФ-дағы ҚР Елшілігінің кеңесші-елшісі Марат Сыздықов ашқан көрмеге Қазақстанның табиғатына, оның елордасы Астанаға және әсем тауларымен әйгілі Алматыға арналған 60 фотожұмыс пен 4 ақпараттық стенд қойылды.
Дипломат фотокөрме Қазақстанның табиғаты мен еліміздің туристік тартымдылығына арналғанын атап өтті.
«Биыл «National Geographic Ресей» құрамы толықты. Жыл басында 36 журнал басып шығарылса, қазір олардың саны 37-ге жетті. 37-ші қазақ тіліндегі «National Geographic Қазақстан» журналы басылып шықты», - деді «National Geographic Ресей» журналының басқарушы директоры Андрей Паламарчук.
А.Паламарчук журналдың алдағы жоспарларымен «ҚазАқпарат» тілшісімен бөлісті. Ол жақын арада Қазақстанға арналған тағы бір жаңа журнал шығатынын айтты. Онда Балқаш көліне құйылатын Іле өзеніне жасалған саяхат қорытындысы көрініс таппақ.
Фотокөрме аясында шара ұйымдастырушылары Астанада өтеді деп жоспарланған «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі жайлы айтты. 

ақпарат көзі zhambylnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді