«Сауд Арабиясы Қажылық министрлігінің бекіткен ережелері бойынша қажылық сапарына қатысты құжаттарды қабылдау 10 тамызда аяқталады. Отандастарымызды осы санаулы күндерді сәтті пайдалануға кеңес береміз. Елімізде қажылық парызын өтеуге мол мүмкіндіктер жасалған. Бұл – Алланың халқымызға берген ұлы сыйы. Кейбір елдерде мұсылмандар қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген квота саны шектеулі. Тіпті, кезегі келмей, дүние салатын адамдар да бар. Ал, елімізде мұсылмандар емін-еркін кезексіз қажылық парызын өтеп келуде. Бұл – Алла Тағаланың халқымызға берген нығметі», – деді Серікбай қажы Ораз.
Айта кетсек, қажылыққа баруға ниет білдірген азаматтар ҚМДБ қажылық бөліміне немесе Діни басқарма жариялаған конкурстан өткен қажылық компанияларына хабарласуына болады. Олар:
1. «Хидаят нұр»; 2. «Яссауи»; 3. «Атлас туризм»; 4. «Хикмет тревель»; 5. «Дельта тревель»; 6. «Қызмет саяхат»; 7. «Әл-маруа»; 8. «Санабль»; 9. «Аңсар круиз»; 10. «Нұр-Қазақстан».Ақпарат көзі: BNews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




