«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сот жүйесіндегі реформа жемісін беруде

Сот жүйесіндегі реформа жемісін беруде
ашық дереккөз
Сот жүйесіндегі реформа жемісін беруде

Өңірлік комуникациялар қызметінде қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Әбідов, облыстық соттың судьялары Мейірхан Әтібеков және Ардақ Әкетаев елімізде жүргізіліп жатқан реформаларға байланысты қылмыстық істерді қарау сапасы және процестік келісім жасалған істер бойынша салада орын алған оң өзгерістерге тоқталып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндады. 

Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрмұхаммат Махаматұлының айтуынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында облыс соттары 1061 тұлғаға қатысты 916 қылмыстық іс қаралған. Өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық істер 118-ге артқан. 156 іс медиация рәсімдерін қолдану арқылы қаралған. Облыстық соттың судьясы Ардақ Әкетаев есепті мерзімде сотқа 17144 талап-арыз түскенін, оның 556-сы қайтарылып, 16287 талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғалғанын айтады. Оның айтуынша, 169 талап-арыз қабылданбай, есептік кезеңнің соңына 132 талап-арыз қалған. Медиация тәртібімен 552 азаматтық іс қысқартылған. Ол қаралған істердің 3,5 пайызын құраса, 116 азаматтық іс – татуласу рәсімі, 6 азаматтық іс бойынша партисипативтік келісімі қаралған. Ардақ Аманжолұлы бірінші жартыжылдықта бұзылған және өзгертілген ұйғарымдар, қараусыз қалдырылған талап-арыздар, сот актілерін жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша қайта қарау, сырттай шешім шығару өндірісі, сот бұйрығын шығару өндірісі мен оңайлатылған іс жүргізу тәртібі бойынша қаралған азаматтық істер, татуласу рәсімдерін қолдану жүйелеріне қатысты өзгерістердің нәтижесін де тиімді бола түскенін қозғады. – Үстіміздегі жылдың І жартыжылдығында 552 азаматтық іс медиация тәртібімен қысқартылған. Ол іс өндірісімен аяқталған 15 661 азаматтық істің 3,5 пайызын құрайды. Тараз қалалық сотында – 247, Қордай аудандық сотында – 61, Байзақ аудандық сотында – 51, Сарысу аудандық сотында – 41, Шу аудандық сотында – 32, Жамбыл аудандық сотында – 26, Талас аудандық сотында – 25, Меркі аудандық сотында – 16, Т.Рысқұлов аудандық сотында – 15, МАЭС-9, Жуалы аудандық сотында – 9, Мойынқұм аудандық сотында 2 іс медиация тәртібімен қаралынып, іс өндірісімен қысқартылған. Статистикалық мәліметтер бойынша аудандық және оған теңестірілген соттардың арасында медиацияны ең көп қолданған – Тараз қалалық соты. Жалпы, облыс бойынша татуласу рәсімдерін қолдана отырып 674 іс қаралған, бұл іс өндірісімен аяқталған 15661 істің 4,3 пайызын құрап отыр. Алдағы уақытта соттарға бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру қажет деп санаймын. Татуласу мәселелері Қазақстан Республикасы Сотының кезектен тыс съезінде талқыланатын негізгі мәселелердің бірі болады деп күтілуде, – дейді А.Әкетаев. Ал облыстық соттың судьясы Мейірхан Әтібеков АҚШ елдеріндегі тиімді жүйелерді мысал ете отырып, сот ісін жүргізу шеңберіндегі жаңашылдықтармен бөлісіп, процестік келісім жасалған істер бойынша қорытынды мәлімет берді.

Наурызбек САРША,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар