Денсаулық
Британдық студент жолақысын төлеуге арналған маникюр ойлап тапты
- author «Ақ жол»
- 21 шілде, 2016
- 505
Британдық студент жолақысын төлеуге арналған маникюр ойлап тапты
Күнделікті автобусқа мінген кезде біз үшін тиын-тебенді сылдырлатып жатқаннан өткен қолайсыз нәрсе жоқ. Ал Британияның Central Saint Martins колледжінде оқитын дизайнерлік факультет студенті Люси Дэвис әйелдер үшін бұл мәселені өзінше шешіпті, деп жазады 24.kz.
Студент қыз бұл үшін Лондонда кеңінен қолданылатын Oyster жолақысын төлеу картасының арнайы чипін суырып алып, оны өзі ойлап тапқан маникюрдің арасына кіріктірген. Енді мұндай маникюр жасатқан әйел қоғамдық көлікке өту жолындағы турникетке саусақтарын тигізсе болғаны, қалаған жеріне дейін көлікке отырып кете береді.
«Мен ойлап тапқан бұл маникюр бүкіл әлемнің кәдесіне асса екен. Себебі осы маникюрді ойлап табу кезінде мен жер-жаһанға кеңінен көз жүгіртіп, біраз нәрсені сараладым. Соның арқасында адамның өмірін қолайлы етіп өзгертетін өнім туралы ой басыма келді», - дейді Люси Дэвистің өзі.
Қазір ол Лондондағы қоғамдық көліктің ресми өкілдерімен сөйлесіп те қойыпты. Енді көп ұзамастан, британдық қыз-келіншектер метро немесе автобуста жүру ақысын тырнақпен төлейтін болуы мүмкін, деп жазады Metro.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




