Денсаулық
Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 531
Қазақ қызына деген махаббат африкалық жігітті қазақша сөйлетті (видео)
Даниэль Джеймстың Қазақстанда тұрып жатқанына 5 жыл болған. Ол Нигериядан келген. Анасы орыс қызы екен. Өзінің айтуынша, қазақ тілін үйренуіне махаббат әсер еткен.
Ол осы уақыт аралығында қазақ тілін еркін меңгеріп қана қоймай, қазақтың халық әндерін орындауды да үйреніп алған. « Бүгінгі күні Қазақстан азаматымын. Осы жақта мектепте оқыдым. Сосын ҰБТ тапсырдым. Кейіннен Алматыдағы Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академиясына оқуға түстім. Қазақ тілін үйренуіме махаббат көмектесті. Өйткені, қазақ қызына ғашық болып қалдым. Басында ағылшын тілінде танысқанымда ол маған қазақ тілінде жауап берді. Алғашқыда сол қызбен әңгімелесу үшін қазақ тілін үйренуге тура келді», – дейді Даниэль Джеймс.
Ол басында кішкене оқулық сатып алғанын айтады. Сосын көшеге шығып, адамдармен әңгімелесуді бастаған. Екі айдың ішінде септіктер, құрмалас сөйлем сияқты қазақ тілін заңдылықтарын меңгеріп алған. Ол көктемде Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдында қазақ тілінде ән шырқап берді.
Даниэль Алматыдағы Африкалық қоғамның президенті. Оның анасы - орыс, ал әкесі – нигерилық екен. Өзі кәсібі музыкант. Фортепиано мен домбырада еркін ойнайды. Қазақ қызына үйленген. Жарының есімі – Айдана. Екеуі Адель есімді бір ұлды тәрбиелеп отыр. Екеуі ең алғаш Алматыдағы Арбатта танысқан. Басында Айдананың ата-аналары бұл некеге қарсылық білдіріпті. Дегенмен Даниэль сүйіктісі үшін қазақ тілін үйреніп, Айдананың ата-анасының келісімін алған.
ақпарат көзі nur.kz
Ұқсас жаңалықтар
Туа біткен жүрек ақауын емдеудің жаңа әдісі табылды
- 17 қыркүйек, 2024
Тұмауға қарсы екпе салу басталды
- 17 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді