Денсаулық
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде әуендер ақылы болмақ .
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 516
"ВКонтакте" әлеуметтік желісінде әуендер ақылы болмақ .
Ресейдің "ВКонтакте" әлеуметтік желісі аудио жазбаларды пайдалану тәртібін өзгертеді. Оны өзіңіздің парақшаңызға қосу ақылы болады, бірақ үлкен ойнату тізімдерін жасау мүмкіндігі пайда болады. Сондай-ақ, қазір әншілердің парақшаларды пайда болып, онда музыкант туралы ақпарат пен жинақ туралы мәліметтер болады. Алайда, жай ғана өз парақшаңызға қоспай іздеу арқылы аудио жазбаларды тыңдау жұртшылық үшін қол жетімді болады. RT мәліметінше, "Әуендерді тыңдау тегін болады, алайда жаңа ақылы жүйелер пайда болады. Мысалы: аудионы өзіңіздің парақшаңызға қосу. Егер сіз орындаушыларды жақсы көрсеңіз, қолдап отыруыңыз қажет. Ал музыканттар жаңа әуендерімен сізді қуанту үшін ақша табуы тиіс. "ВКонтакте" желісінде мұны шыныаяқ кофе бағасымен бірдей ақыға жасай аласыз", - деп келтіреді "Известия" басылымы Warner Music Group Ресейдегі бас директоры Александр Блиновтың сөзін.
"ВКонтакте" - ғаламтордағы әлеуметтік байланысты орнататын жалғыз орын. Адамдар ойнату тізімдерімен бөліседі, бір-біріне әуендер жібереді. Қазіргі уақытта тек 10 аудиожазба тіркеуге болады, бұл тек жарты сағаттық тыңдалым, мұны көбейтіп толыққанды ойнату тізімдерін жасау керек. Ал, әртістердің жалпылама анықтамасы, оның барлық әуендері болуы тиіс және жинақтары бөлек бөлек болу керек", - деді Sony Music Entertainment Ресейдегі бас директоры Арина Дмитриева.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




