Таразда «Шаңырақ» отбасы аллеясы ашылды
Бүгін Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Шаңырақ» отбасы аллеясы ашылды, - деп хабарлайды «Zhambylnews» ақпараттық агенттігі.
Іс-шара «Тараз» қонақ үйінің маңында өтті. Қала тұрғындарын құттықтауға белсенді жастардың өкілдері және жергілікті мемлекеттік мекемелердің басшылары келді.
- Отбасы аллеясын ашуға бұл жер жайдан-жай таңдалмады. Мұнда қазақтың киіз үйі, Ұлы Жібек жолы және көптен бері тұрған қонақ үй бар болғандықтан әдейі осы жерде отбасы аллеясын ашып отырмыз. Арнайы бағдарлама бойынша барлық облыстарға отбасы аллеясын ашу тапсырылған болатын, - дейді қала әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Кенжебек Олжабай.
Айта кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Маңғыстау облысы арнайы біздің қаламызға осы аллеяны тарту еткен болатын. Алдағы уақытта қаламыздағы отбасыларға арналған түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады деп жоспарлануда.
Ақпарат көзі: Zhambylnews
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




