Денсаулық
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың патриоттығын нығайтудың маңыздылығын айтты
- author «Ақ жол»
- 20 шілде, 2016
- 675
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтардың патриоттығын нығайтудың маңыздылығын айтты
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.
Кездесу барысында министрлік қызметінің негізгі бағыттары, соның ішінде дін саласындағы заңнамаларды одан әрі жетілдіру шаралары талқыланды.
Елбасы министрліктің дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі жұмыс тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті.
Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ мәдениет саласын жан-жақты дамытудың, ел азаматтарының патриоттық рухын нығайтудың маңыздылығына назар аударды.
А.Мұхамедиұлы қазіргі уақытта діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы заңнамаға жүйелі өзгерістер енгізу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Сонымен қатар, Мәдениет және спорт министрі Қазақстан Президентіне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүзеге асырудың алдын ала қорытындылары мен Қазақстан спортшыларының алдағы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына дайындығының барысы туралы баяндады.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




