Испандар көзілдірікпен селфи түсіруді ойлап тапты
Селфиге түсу едәуір жеңілдей түсті. Испанияда WeOn атты стартап күнге киетін көзілдірікпен селфиге түсіруді ойлап тауыпты.
Бұл үшін тек көзілдірікті киіп, оның жақтауының оң жақ шетіндегі қос тетікті бассаңыз жетіп жатыр. Сол кезде сіз смартфоныңызды басқарып, селфиге түсе аласыз. Тіпті оның барысында смартфоннан 60 метрге дейін қашықтауға болады, деп жазады 24.kz.
«Селфиге түсудің жолын өзгерткіміз келеді. Ал көзілдірік - біз үшін үйреншікті зат, біз оны кез келген жерде киіп жүре аламыз. Сол себепті біз монопод немесе селфи-таяқша сынды сорайған құралдан арылу үшін көзілдірікке кіріктірілген осындай құрылғыны ойлап таптық», - дейді WeOn компаниясының негізін қалаушылардың бірі.
WeOn көзілдірігінің әйнегі құрамында жоғары сапалы линзалары бар өте мықты, бірақ жеңіл поликарбонаттан жасалған, деп жазады espanarusa.com.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат.
Ұқсас жаңалықтар
ЖРВИ және тұмаудан сақтану шаралары
- 4 желтоқсан, 2025
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




