Саясат
Ердоған екі бірдей оққағарын көтерілісшілердің өлтіріп кеткенін айтты
- author «Ақ жол»
- 19 шілде, 2016
- 647
Ердоған екі бірдей оққағарын көтерілісшілердің өлтіріп кеткенін айтты
Түркияда әскери төңкеріс кезінде президент Реджеп Тайып Ердоғанды қорғайтын екі бірдей оққағар қаза тапқан.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Түрік президенті өз отбасымен бірге Мармарис қаласында бескүндік демалысты өткізіп жатқан. Оқыс жағдай орын алған соң Ердоған қонақүйді тастап шығып, қауіпсіз орын іздеуге мәжбүр болған. Осы кезде президенттің алдымен отандастары алдында жағдайға байланысты сөз сөйлеуіне тура келеді. Алайда мұның өзін ол тек смартфон арқылы скайппен айтты. Осының өзінде ел басшысының сөзіне құлақ асқан бірнеше мың Ыстамбұл тұрғыны көшеге шығып, төңкеріске қарсылық танытты. “Мармаристе маған қарсы операция болып, екі оққағарымды өлтірді”, – деді мемлекет басшысы. Ол егер өзі де сол жерде 10-15 минутқа аялдар болса, өліп кетуінің немесе тұтқынға алынуының мүмкін екенін айтты. Еске сала кетсек, Түркиядағы төңкеріс 15 шілде күні болып, нәтижесінде 208 адам қаза тапты. Олардың 60-ы полиция және 145-і бейбіт тұрғындар. Сонымен қатар тағы 1491 адам жараланған. Төңкерісті ұйымдастырған 24 адамның көзі жойылды. Ал оқиғаға қатысты күдікпен ұсталғандар саны 7,5 мың адамға жетті.Ақпарат көзі: Stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




