«Алтын қалам» байқауының үздіктері марапатталды
Астанада «Rixos» қонақ үйінде, қазақ тілді журналистер арасында өткізілетін дәстүрлі «Алтын қалам» байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқаудың қорытындысына сәйкес, «Үздік мақала» номинациясы бойынша - облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Кәмшат Қопаева, «Үздік сюжет» аталымы бойынша - «Астана» телеарнасының тілшісі Айгүл Шайхимова 1-орынға ие болса, 2-орынды «Үздік мақала» номинациясы бойынша - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Қостанай облысындағы тілшісі Нәзира Жәрімбетова, ал «Үздік сюжет» аталымы бойынша - «24KZ» телеарнасының Павлодардағы меншікті тілшісі Қарлығаш Қасиетова иеленді.
«Үздік сюжет» аталымы бойынша 3-орынды екі жеңімпаз бөлісті, олар - «Қазақстан» РТРК Қарағанды облыстық бөлімінің журналисті Әшмұқан Жампейісов және Павлодар облыстық «Халық» радиосының тілшісі Раушан Сабынжанова.
Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен бірге, қосымша ақшалай сыйақымен марапатталды. Бірінші орын иегерлеріне - 500 000 теңгеден, екінші орынға - 300 000 теңгеден, ал үшінші орын иегерлеріне 200 000 теңгеден берілді.
«Байқауға қатысқан 133 журналистке алғысымыз шексіз. Өте белсенді қатысты, барша әріптеріміз, еңбек адамдары туралы кеңінен жазуға тырысты. Бірақ жүлденің аты - жүлде, байқаудың аты - байқау. Талаптарға сәйкес келетін мақаларды, сюжеттерді, таңдап алуға тура келді. Соның ішінде, әділ қазылар алқасына 27 еңбектің ішінен, өздеріңізді атап өтуге мүмкіндік туды. Яғни, бірінші орын - бес жүз мың теңгеден екі адамға, екінші орын - үш жүз мың теңгеден екі адамға және үшінші орын екі жүз мың теңгеден екі адамға бөлінді», - деді Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексенбай марапаттау шарасы барысында.
Сонымен қатар, Б.Жексенбай осы байқауды өткізуге мұрындық болып, демеушілікпен, үлкен қолдау көрсеткені үшін Еуразиялық Топ (ERG) компаниясына Бас редакторлар клубының атынан алғысын білдірді.
«Журналистердің шабытын осылай қамшылап, байқау ұйымдастырып жатқандарыңыз үшін - Бас редакторлар клубына, Еуразиялық Топ компаниясына алғысым шексіз. Сідер өндіріс ошақтарын өркендете беріңіздер, біздер - журналистер, сіздердің осы жемісті де, жеңісті еңбектеріңізді, жұршылыққа паш ете берейік. Айтар, жазар сөзіміз, шынымен де, осы «Алтын қалам» байқауына сай, алтын қаламмен жазылғандай, тарихта қала берсін!» - деп атап өтті бірінші орын иегері Айгүл Шайхимова.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді