Астананың жүргізушілері көлік нөмірлерін шалшықтардан іздеп жүр
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2016
- 791
Астанада нөсер жауынның салдарынан орталық көшелерді су басқаны соншалық, қала тұрғындары көптеген көліктің жұлынып қалған мемлекеттік нөмірін шалшықтардан тауып алып жатыр.
Әлеуметтік желіні пайдаланушылар табиғаттың тосын мінезі жайлы бейнежазбалары мен суреттерін сол сәтте көпшілікпен бөлісіп жатты. Мәселен, Facebook әлеуметтік желісін пайдаланушы Ғафур Бақтығұлов жаңбырдан соң табылған ондаған көліктің нөмірін суретке түсіріп салған.
Еске сала кетсек, соңғы уақытта толассыз жауған жауыннан елорданың жолдары айдынға айналды. Соның салдарынан көліктердің де, жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына қиындық туды. Қазгидрометтің айтуынша, екпіндей соққан жел, жауын-шашынды ауа райы әлі бірнеше күнге созылады.
Ақпарат көзі: www.bnews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




