Денсаулық
Роналду чемпионатта алған сыйақысын қатерлі ісікпен ауыратын балаларға аударды
- author «Ақ жол»
- 18 шілде, 2016
- 733
Роналду чемпионатта алған сыйақысын қатерлі ісікпен ауыратын балаларға аударды
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2016 жылғы Еуропа чемпионатындағы жеңісі үшін алған сыйақысын балалар обырымен күрес қорына аударып жіберді.
Сурет: www.eurosport.ru
Қайырымдылыққа аударған ақшаның сомасы 275 мың еуроны құрайды. Жалпы есеп бойынша ол осы күнге дейін 10 млн. еуродан астам ақшаны қайырымдылыққа бөлген. Және осы көрсеткішімен спортшылар арасында бірінші орынды иеленіп тұр. Айта кетейік, Роналду Мадридтің «Реалы» сапында 2015-2016 жылғы Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін алған сыйақысын да балалар обырымен күрес қорына аударған еді.ақпарат көзі stan.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




