Денсаулық
Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі оқиға орнынан видео жариялады
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2016
- 721
Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі оқиға орнынан видео жариялады
Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі Арег Кюрегян оқиға орнында түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайдыLenta.ru. Кадрлардан Кюрегян мен оның сыбайласы автомат асынып алған, ал бөлмелердің бірінде кепілге алынған қызметкерлер бар. Басып алуға қатысқандардың қанша екені әзірше белгісіз қалып отыр, алайда видеоға қарағанда кем дегенде бесеу. Басып алушылардың басты талабы - Армения президенті Серж Саргсянның отставкасы және уақытша үкіметтің құрылуы екен. Сонымен қатар, олар егер полицейлер ғимаратқа басып кіретін болса, лайықты түрде тойтарыс беретінін ескертіп отыр. Армения билігі өз кезегінде мұны қарулы көтеріліс емес деп отыр.
Еске салайық, бүгін, 17 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алғанболатын.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




