«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

бас криминалист 136 миллион теңге жымқырған

бас криминалист  136 миллион теңге жымқырған
ашық дереккөз
бас криминалист 136 миллион теңге жымқырған

Ұсақ-түйек емес, 136 миллион теңге қаражат жымқырды деген айыппен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жедел криминалистика департаментінің басшысы Қайрат Аманқұловтың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны мәлім. Астана қаласында осы іс бойынша сот отырысы басталды. Қайрат Аманқұловқа Қылмыстық кодекстің 307-бап 4-тармағы бойынша қызметтік өкілеттігін асыра пайдалана отырып, қылмыстық әрекет жасағаны және 310 – бап 1-тармақ, 3-тармақшасына сай кәсіпкерлікпен айналысуға кедергі жасағаны үшін 4 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл төлеу жазасы берілуі мүмкін. Бұл іске қатысты тағы екі айыпталушы бар. Олар Аманқұловтың сыбайластары. Ол бұл қызметті 2011 жылдың маусымынан бері Ішкі істер министрлігінің жедел криминалистика департаментінің бастығы қызметін атқарып келген. Криминалистік техникаларға мемлекеттік сатып алулар өткізу кезінде мемлекетке 136 миллион теңге шығын келтіріп, қызметтік жағдайын асыра пайдаланғаны үшін өткен жылы қарашада құрықталған болатын.

Ұқсас жаңалықтар