Саясат
Түркиядағы жағдайға орай Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты
- author «Ақ жол»
- 16 шілде, 2016
- 575
Түркиядағы жағдайға орай Сыртқы істер министрлігі жедел желі ашты
Түркиядағы қауіпсіздік жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатқан азаматтарымыздың сұрақтарына жауап беру мақсатында ҚР Сыртқы істер министрлігі Астанада «жедел телефон желісін» ашты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Азаматтарымыздың қауіпсіздігіне, Қазақстан мен Түркия арасында әуе қатынасын қалпына келтірудің мүмкін мерзімдеріне байланысты сұрақтар бойынша келесі телефон нөмерлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720486 (19.00-ге дейін), +7-7023063417, +7-7013829890.
Түркиядағы жағдайдың дамуы бойынша жалпы сұрақтарға жауап алу үшін келесі телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады: (+7-7172) 720250 (до 19.00), +7-701-7776447.
БАҚ өкілдерін түсініктемелер алу үшін тек Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне ғана хабарласуларын сұраймыз.
Әуе қатынасын қалпына келтіру мәселесі Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетімен бірлесе азаматтарымыздың Түркия аумағындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жалпы жағдайдың өзгеруіне байланысты қарастырылуда. Рейстер Түркиядағы жағдайдың қалпына оралуынан кейін бірден қайта ашылады. Қабылданған шешім туралы хабарлама БАҚ арқылы қосымша таратылатын болады.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Ұқсас жаңалықтар
Референдумға қатысу – азаматтық борыш
- 12 наурыз, 2026
Бірлігіміз бекем, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
- 12 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




